«Зияткер» дебат клубы «Құқықтық мемлекет – зорлық-зомбылықсыз қоғамның кепілі» қарары бойынша БПФ форматында өзара тартысқа түсті.

2022 жылдың 15 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» онкүндігіне орай «Зияткер» дебат клубы мүшелері арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебат ойыншылары «Құқықтық мемлекет – зорлық-зомбылықсыз қоғамның кепілі» қарары бойынша БПФ форматында өзара тартысқа түсті. Үкімет және оппозиция мүшелері құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық, мәдениетке қатысты көкейкесті мәселелер жайлы өзіндік көзқарас, ой-пікірін, ұстанымын еркін жеткізіп, ойын алаңын қыздыра түсті. Нәтижесінде «Оппозиция» мүшелері Оралхан Алия, Оралбеков Дастан жеңімпаз атанды. Дебат клубы жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Гульнур Зариповна ойынға төрелік етті.



«Зияткер» дебат клубының жетекшісі Шайхиева Гульнур Зариповнадан «Jibek Joly» телеарнасы 2022 жылдың 15 қараша күні арнайы сұхбат алды. Сұхбат барысында «Зияткер» клубы жетекшісі Гульнур Зариповна телеарна тілішісі тарапынан қойылған сауалдар бойынша: дебат клубының құрылу барысы, мүшелерінің жас ерекшелігі, клуб жұмысының жүргізілу жолы, ойын ережелері, форматы, жетістіктері бойынша ой қозғап, ақпарат берді. Сонымен қатар «Jibek Joly» телеарнасы тілшілері «Зияткер» дебат клубы мүшелерінің ойынын тамашалап, бағдарламаға түсірілім жасады. Игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімімдеміз.