Қауіпсіздік ережелер





ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ


Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тоқта!
Бағдаршамның сары түсі жанғанда дайындал!
Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда
жүруге рұқсат.

-Жолда ойнауға болмайды.
-Көліктің арт жағын айналып өту керек.
-Ешқашан көліктің алдынан жүгіріп өтпе.








«Қауіпсіз жаз»

Демалып жүрген кезде қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды естен шығармауларыңыз қажет. Ол төмендегідей ережелер:
  1. Жолда жүру ережесіне бағыну және сақтай білу;
  2. Жолдан өтерде бағдаршамға қарап, абай болу;
  3. Бос қалған, бұзылған ғимараттарға баруға, жақындауға болмайды;
  4. Ойын алаңында, үйде, қоғамдық жерлерде тәртіп бұзбай, өзіңді дұрыс ұстай білу;
  5. Таныс емес, бөтен адаммен сөйлеспе;
  6. Мас және қауіпті адамнан алыс жүр;
  7. Бөтен адаммен подъезге, подвалға, лифтіге кірме;
  8. Танымайтын адаммен еріп кетуге немесе көлікке отырушы болмаңыз;
  9. Сізді егер бөгде адам артыңыздан қуса, көп адамдар арасына жүгір;
  10. Жағажайға, орманға жалғыз баруға болмайды;
  11. Лагерьде демалыс барысында да сақтық шараларын сақтау қажет;
  12. Құқыбұзушылыққа бармау /біреуге жаман сөздер айту, балағаттау, ұру, қол көтеру, тебу сияқты / іс-әрекеттерден аулақ болу;
  13. Ата-ананың рұқсатынсыз көшеде жүруге, достармен қыдыруға қатаң тыйым салынады;
  14. Қауіпті заттармен ойнауға болмайды.
  15. Басқа біреу ұсынған затты алуға, қолдануға, дәмін татып көруге қатаң тыйым салынады;
  16. Кешкі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынады;


Қатаң тыйым салынады:

  1. Табиғат аясына серуенге үлкен адамдарсыз жалғыз баруға болмайды;
  2. Серуен барысында табиғатты ластауға болмайды;
  3. Үлкендердің бақылауынсыз бассейнде, көлде , өзенде, теңізде суға шомылуға, жүзуге болмайды;
  4. Қайықпен жүруге, көпірден өтуге, қайықтан, биік жардан суға сүңгуге болмайды;
  5. Кешке қарай және түнде суға түсуөте қауіпті;
  6. Көл, өзен, теңіз жағалауынан алыс кетуге, шомылуға рұқсат етілген белгілерден шығуға болмайды;
  7. Жүзіп жүрген кемелерге, катерлерге, гидроцикл, ескекті қайықтарға жақын баруға болмайды;
  8. Қайықтан, катерден, желкенді қайықтан және басқа да жүзу құралдарынан және өзіңізге таныс емес жерлерде суға секіруге болмайды;
  9. Айлақтардың, көпірлердің, т.б. жанында шомылуға болмайды;
  10. Суда бір-бірін қуып, суға батырып ойнайтын ойындарға қатаң тыйым салынады. Судың астында біреуді аяғынан ұстауға болмайды.


Үйде қауіпсіздікті сақтау тәртібі

Егер Сіз үйде жалғыз қалсаңыз, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұмытпаңыз:
  1. Балкон мен терезеге жақындауға, терезеден басыңды сыртқа шығаруға немесе терезе алдына шығып отыруға болмайды;
  2. Баспалдақ /сатыдан/ жүгіріп түсуге, мінуге қатаң тыйым салынады;
  3. Су қолмен электр құралдарына, розеткаға, тоқ қосқышқа жақындау өте қауіпті, тоқ соғуы мүмкін;
  4. Электр құрылғылары: үтік, плита, кір жуғыш машина т.б. үлкендердің рұқсатынсыз пайдалануға, қосуға тыйым салынады.
  5. Үй жағдайында, далада сіріңкені қолдануға болмайды;
  6. Дәрі-дәрмек қобдишасынан да ата-ананың рұқсатынсыз дәрі алып ішуге болмайды;
  7. Телефон және компьютерде ұзақ отыруға болмайды;
  8. Әлеуметтік желілерді де дұрыс қолдана білу керек;
  9. Әлеуметтік желі арқылы біреуге жаман, былапыт сөздер жазуға қатаң тыйым салынады;
  10. Әлеуметтік желіден балалар жасына сәйкес ғана ақпараттар мен бейнежазбалар, мультфильмдерді қарау қажет;
  11. Өрт жағдайы да өте қауіпті екенін естен шығармаңыз;
  12. Егер өрт болып жатырғанын көрсеңіз 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақыру қажет;
  13. Мүмкіндік болса түтінге уланып қалмай тұрып, бірден тез арада далаға шығып кетуге тырысыңыз.


Денсаулығының сақталуы, жол қозғалысы және көшеде жүру бойынша қауіпсіздік ережелері:

  • Мектепке келу және үйлеріне қайту жолында жол қозғалысы ережесін сақтау және заңдылыққа бағыну;
  • Жол белгілерін дұрыс пайдалану, бағдаршам көздеріне мұқият қарау, жол жиегімен жүру, жаяу жүргінші жолдарын пайдалану, көшенің арғы бетіне өту кезінде көліктердің бағытын анықтап қарау;
  • Көшеде жаяу жүру кезеңінде ұялы телефонды қолданбау, құлаққап кимеу, беті ашық қалған құдықтардан сақтану, айналып өту;
  • Оқушының мектепте өзін-өзі мәдениетті ұстауы және сақтық ережесін қатаң сақтауы қажет;
  • Үзіліс кезінде оқушыларға бірін-бірі итеруге, күш қолдануға болмайды, мектеп ауласынан мұғалім рұқсатынсыз сыртқы территорияға шықпау, мектеп жанындағы дүкендерге, сауда орындарына бармау;
  • Биікке шықпау, терезе жақтауында отырмау, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады, қабырғаға таяу орналасқан мүліктерге жақындамау, орнынан қозғамау;
  • Дәлізде жүгірмеу, қабырғаларды аяқпен теппеу, сатыдан дұрыс түсу;
  • аяқпен еденде сырғанамау, мектеп әжетханасын дұрыс пайдалану;
  • қорғаныс құралы газ түріндегі балон т.б. заттарды әкелуге болмайды.
  • Жаңа жыл мерекесін атап өту барысында от шашатын ойыншықтар, тез жанғыш құралдарды қолданудың қауіптілігін ескеру, абай болу;
  • Қыс мезгіліндегі ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты күнделікті жылы киініп жүру / міндетті түрде бас киім, қолғап, мойынтақ/ және ауа райының төмендеуіне байланысты сабақ тоқтатылуы жөніндегі арнайы ақпаратты назарда ұстау;
  • Демалыс уақытында қала ішінде және қала сыртында мектептен тыс заңсыз ұйымдастырылған іс-шараларға қатыспау;
  • Денсаулығы болмаған жағдайда сынып жетекші мен мектеп әкімшілігін хабардар ету, мектептен үйге ескертусіз, сұранбай кетпеу.