«Адал ұрпақ» ерікті клубы

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмысы

«Адалдық алаңы» әлеуметтік жобасының жүзеге асырылуы


Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, шыншылдық сезімдерін қалыптастыру, қарым-қатынас барысында өзара татулық, сенім атмосферасын орнату, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ықпал ету.

«Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Адал ұрпақ – Мәңгілік елдің болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл қалалық департаментінің маманы Асқар Рашидұлы келіп, оқушылармен пікір алмасты, сұрақтарға жауап берді. Оқушылар тарапынан қонаққа түрлі сұрақтар қойылды.


«24 ХАБАР» телеарнасының «Бес реформа белестері» бағдарламасына «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы ақпарат және сұхбат берілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекова Толқын Батырбайқызы «Адал ұрпақ» ерікті клубының мақсаттары мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы кеңінен сұхбат берді. Сұхбат барысында мектеп табалдырығында оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар клуб мүшелерінің қызығушылықтары мен өткізілген мәдени іс-шаралардың тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің пікіралмасу сәті түсірілімге арқау болды. Балалар бір-бірлеріне алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымен және жемқорлықтың алдын алу шараларының жүргізілу жүйесіне тоқталды. Мектеп психологы Нуриманова Аяулым Кенжебекқызы да сұқбат барысында ой бөлісті.

Психолог Нуриманова Аяулым Кенжебекқызының сұхбат беру сәті



«Право» ҚҚ өкілдерімен өзара ынтымақтаса ұйымдастырылған құқықтық оқулар, дәріс сағаттарының да тағылымы орасан зор. Оқушыларға арнайы мамандар тарапынан заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер беріледі.
Атап өтсек: қазіргі кезеңдегі ахуалға байланысты іс-шаралардың басым бөлігі қашықтан /онлайн/ ұйымдастырылды.
«Адал ұрпақ» еріктілер ұйымы мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушыларына «Право» қоғамдық қорының өкілі, заңгер Баймұқан Азамат «Бала құқықтары мен міндеттері» атты тақырыпта онлайн дәріс сағатын өткізді. Дәріс сағатына 15-16 қазан күндері сағат: 15.00 де 8-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар заңгерге түрлі сауалдар жолдап, өзара ой бөлісті.

https://www.instagram.com/p/CHwVlHYJ3fF/?igshid=yyma5olcp6mr


«Абайланыз, балалар!» қалалық акциясы өткізілді. Акция барысында арнайы тақырыптық сынып сағаттары
1-11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Арнайы мамандардың қатысуымен дәріс сағаттары өткізілді. Мектеп инспекторы Есіл ауданының ПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция инспекторы Кожахметова Асем Нурхалитовна тарапынан түсіндіру, кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

https://www.instagram.com/p/CE00wvXJxzP/?igshid=ssrpjftb3bjq


Мектебімізде «Адалдық кітапханасы», «Адалдық дүкені» жұмыс жасайды.
«Адалдық кітапханада» - кітапханашының көмегінсіз оқырмандар арнайы журналға тіркеле отырып, кітап сөресіндегі өзіне ұнаған әдебиетті оқуға ала алады. Кітап оқуға арналған ыңғайлы кеңістік алаңының болуы, бос уақытын шахмат, шашка сынды ойындарымен қызықты және тиімді өткізе алуы оң ықпалын тигізеді. Оқырман кітапты оқып болған соң, шығарма төңірегінде достарымен ой бөлісіп, орнына қайтарады. Бұл жоба аясында оқушының бойында өзіне деген сенімділік, жауапкершілік мәдениеті қалыптасуына септігін тигізіп келеді.

«Адалдық дүкені» ‒ оқушылардың бойында әділдік, шыншылдық, құқықтық мәдениеттерін қалыптастыру және дамытуға ықпал етеді. Сатушысыз дүкен барысында оқушылар өздеріне адал тұрғыдан қызмет көрсете алады. Өзіне қажетті тауарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысып, әділдікке, шыншылдыққа тәрбиеленуде.



Наурыз айында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» онлайн сурет байқауы 5-9 сынып оқушылары
аралығында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жас суретшілер Әбдімүтәлі Нұрдәулет, Нұрғиса Нұранбек жүлдегер атанды.


Мектеп оқушыларына «ANTIKOR.LIVE» жобасы бойынша тоқсанына 1 рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адал ұрпақ тәрбиелеу мақсатында брифинг, пікір алмасу, кездесу сағаты шаралары ұйымдастырылып отырады.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары, ата-аналар ұжымының қатысуымен «Таза қоғам ‒ адал ұрпақ» тақырыбында онлайн брифинг өткізілді. Брифинг спикерлері тарих пәні мұғалімі Т.Хасенова, ата-ана, әкелер кеңесі мүшесі, әскери ғылымдардың кандидаты, подполковник Ж, Әбдіжаппарұлы және «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері К.Мирзатиллаева, М.Анияр болды. Мұхаммед пен Карина мектебімізде жүзеге асырылып жатқан игі шаралар бойынша сөз қозғады, адалдық ұғымын ашып берді. Ұстаз Толқын Келисқызы жас ұрпақ бойындағы академиялық адалдық ережелері төңірегінде ой қозғаса, ата-ана отбасының адал, шыншыл ұрпақ тәрбиелеу жолындағы ұстанымы, ерекшеліктері төңірегінде сыр шертті. Модератор: «Азамат» патриоттық ер балалар клубының жетекшісі Мақсат Саматұлы болып, брифингтің өте жоғары дәрежеде өтуіне септігін тигізді.