Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру


Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, шыншылдық сезімдерін қалыптастыру, қарым-қатынас барысында өзара татулық, сенім атмосферасын орнату, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу мәдениеті мен төзімділігін қалыптастыру.

Мектебімізде жалпыреспубликалық бірыңғай «Адалдық сағаты» аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алуға бағытталған дәріс сағаты 10,11 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Дәріс сағатын республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Исрапулова Сымбат жүргізді. Мектеп директоры А. Шаяхметова оқушылар ұжымына қонақты таныстырып, жаңа оқу жылымен құттықтап сөз кезегін ұсынды.


Сонымен қатар, мектебімізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі орталығының бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев келіп, тақырыпқа сай пайдалы ақпараттармен бөлісті. 9 сынып оқушыларына парасаттылық, әділдік, шынайылық туралы дәріс оқыды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу, патриоттық қасиетті жоғары ұстау керектігі айтылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, өз пікірлері мен көзқарастарын жеткізді. «Адал ұрпақ» клубының мүшелері атқарған жұмыстары туралы қысқаша есеп берді.



Жыл бойы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігі өкілдерінің тарапынан қоғам қайраткерлері, өнер және спорт жұлдыздары, құқық қорғау орындары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылатын арнайы «Адалдық сағаты» дәрістері бейнематериалдары оқушылар мен ата-аналар назарына ұсынылып отырады және әлеуметтік желі арқылы жарияланады. Адалдық сағаты дәрістерінің жас ұрпақты тәрбиелеу жолында берер үлгі-өнегесі, тағылымы өте зор. Сондай-ақ «Право» қоғамдық қоры өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз. Заңгер, Баймұқан Азамат Нұрбекұлы, психолог Ахметжанова Мария Вячеславовна тарапынан 7-11 сынып оқушылары және ата-аналарына құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында онлайн және оффлайн форматта дәріс сағаттары ұйымдастырылып келеді.
Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілі Мирас Асқарбайұлымен сұхбат 7-9 сынып оқушыларына мектеп кітапханасында «Адалдық сағаты» дәрісі өткізілді. Мақсаты: құқықтық сауаттылығы жоғары, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.


Қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты сурет байқауына оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
Байқау нәтижесінде мектебіміздің оқушылары Әбдімүтәлі Нұрдаулет және Нұрғиса Нұранбек жүлделі ІІІ орынға ие болып, мектеп мерейін үстем етті.

«24 ХАБАР» телеарнасының «Бес реформа белестері» бағдарламасына «Адал ұрпақ» клубының жұмысы туралы ақпарат және сұхбат берілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекова Толқын Батырбайқызы «Адал ұрпақ» ерікті клубының мақсаттары мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы кеңінен сұхбат берді. Сұхбат барысында мектеп табалдырығында оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын айтып өтті. Сонымен қатар клуб мүшелерінің қызығушылықтары мен өткізілген мәдени іс-шаралардың тиімділігіне тоқталды. Сонымен қатар «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы мүшелерінің пікіралмасу сәті түсірілімге арқау болды. Балалар бір-бірлеріне алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарымен және жемқорлықтың алдын алу шараларының жүргізілу жүйесіне тоқталды.


Психолог Нуриманова Аяулым Кенжебекқызының сұхбат беру сәті

Құжаттар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мектеп ұжымын ақпараттандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бұйрық
Ата-аналар жиналысы сыбайлас жемқорлық