«Зияткер» дебат клубы

Мектепішілік «Зияткер» дебат клубы


Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдау алаңы.


Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі


Пікірсайыс қозғалысының мақсаты: Қоғамда орын алған проблемаларды өзара талқылау арқылы білім алушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, тіл байлығын, ораторлық қабілеттерін дамыту.



«Зияткер» дебат клубы мүшелері

«Зияткер» дебат клубының мақсаты:

- Рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастар буынының қалыптасуына ықпал ету;

- Оқушылар арасында пікірсайыс бағдарламасының кеңінен таралуына ат салысу;

- Клубтың әр мүшесінің пікірсайыс теориясын жетік меңгеруін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету;

- Қазақ халқының ұлттық шешендік өнерінің жаңғыруы мен қазақ тілінің таза, ыңғайлы ресми стилінің қалыптасуына ат салысу.


Негізгі міндеттері:

-Сыни және шығармашылық ойлауға қабілетті жауапты жастарды, сана-сезімі орныққан ұрпақты қалыптастыру;

-Шешендік сайыс өнерін жетілдіру;

- Спикерлер, тайм киперлер міндеттерін қалыптастыру;

- Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа идеялар ойлап табуға көмектесу.

-Мектеп оқушыларының белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;

- Саяси сауатты, еркін көзқарасы бар, азаматтық қасиеттері мен ұстанымдары дағдыланған, демократиялық қарым-қатынасқа бейімделген қоғамдағы тұлғаны өсіріп жетілдіру.


«Зияткер» дебат клубы мүшелері: 8-11 сынып оқушылары

Клуб жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Шайхиева Гульнур Зариповна


«Зияткер» дебат клубы мүшелерімен жүргізілген жұмыстар ақпараты

Астана қаласының Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде «Зияткер» дебат / пікір-сайыс/ клубы жұмыс жасайды. 2022 жылдың 28 қыркүйек күні «Зияткер» пікір-сайыс клубы мүшелерінің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы өтті. Клуб жетекшісі Шайхиева Гулнур Зариповна оқушыларды өткен жылы жүргізілген жұмыстар есебінің қорытындысымен таныстырып, жаңа оқу жылындағы алға қойылған клубтың мақсат, міндеттері, жоспарымен таныстырды. Сондай ақ жаңадан қабылданып отырған оқушыларға дебат ойыны ережесі, форматы, ойын барысына қойылатын талаптарына тоқталып өтті. Алдағы уақытта әп аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері клуб мүшелерінің кезекті ойының жоспарлап, жүзеге асыру керектігі атап өтілді.



2022 жылдың 18 қазан күні мектебіміздің «Зияткер» дебат клубы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында дебат клубы мүшелері сөз алып 21 қазанда Астана қаласында өтетін пікірсайысшылар құрылтайына қатысатын делегаттар анықталды.




Табар Керейхан, Сәрсенбек Алуа, Асхатқызы Айғаным «JasDebater» қалалық жас пікірсайысшылар құрылтайына мектеп атынан қатысып, тәжірибе алмасып келді.



2022 жылдың 15 қараша күні «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» онкүндігіне орай «Зияткер» дебат клубы мүшелері арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебат ойыншылары «Құқықтық мемлекет – зорлық-зомбылықсыз қоғамның кепілі» қарары бойынша БПФ форматында өзара тартысқа түсті. Үкімет және оппозиция мүшелері құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық, мәдениетке қатысты көкейкесті мәселелер жайлы өзіндік көзқарас, ой-пікірін, ұстанымын еркін жеткізіп, ойын алаңын қыздыра түсті. Нәтижесінде «Оппозиция» мүшелері Оралхан Алия, Оралбеков Дастан жеңімпаз атанды. Дебат клубы жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Гульнур Зариповна ойынға төрелік етті.




Instagram парақшасы



«Зияткер» дебат клубының жетекшісі Шайхиева Гульнур Зариповнадан «Jibek Joly» телеарнасы 2022 жылдың 15 қараша күні арнайы сұхбат алды. Сұхбат барысында «Зияткер» клубы жетекшісі Гульнур Зариповна телеарна тілішісі тарапынан қойылған сауалдар бойынша: дебат клубының құрылу барысы, мүшелерінің жас ерекшелігі, клуб жұмысының жүргізілу жолы, ойын ережелері, форматы, жетістіктері бойынша ой қозғап, ақпарат берді. Сонымен қатар «Jibek Joly» телеарнасы тілшілері «Зияткер» дебат клубы мүшелерінің ойынын тамашалап, бағдарламаға түсірілім жасады. Игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімімдеміз.




Instagram парақшасы



Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде 9-11 сынып оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу азаматтық қоғам талабы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Зияткер» дебат клубының жетекшісі Г. Шайхиева пікірсайысшыларды тақырып төңірегінде ой бөлісуге шақырды. Іс-шараға қатысушы оқушылар тақырыпқа сай азаматтық позицияларын ұстанып, өз пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселелері, оны шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, шет мемлекет тәжірибелері де талқыланды. Пікірлесу барысында оқушылар адал еңбек адамзаттың міндеті және парызы екендігіне баса назар аударды.




Осындай игі шаралар мектебімізде алдағы уақытта да жалғасын табады.