ТЕРЕКТІҢ МАМЫҒЫН ТҰТАТПАҢЫЗДАР

ТЕРЕКТІҢ МАМЫҒЫН ТҰТАТПАҢЫЗДАР
Біз жылда ересектер мен балаларға осындай үндеуімізді жолдаймыз. Терек гүлдеген шақта ұшатын мамықтан өрттің қатері күшейеді. Оны тұтатуға азғантай ұшқынның таралу жылдамдығы секундына 2-3 метрге жетеді. Біздін аймақ құрғақ, желді ауа райы оттың жедел өршуіне себеп болады. Баланың еркелігі, ересектердің бейқамдығы өртке тікелей жол ашады, оның соңы орны толмас өкінішке, бірталай шығынға душар етеді. Соңғы жауыннан кейін тағы да бұрқырап шашылған теректің мамығын жағуға болмайтынын, айналаға қауіпті екенін бәріңіз де есте ұстағандырыңыз абзал. Балалардың терек мамығына аңсары көбірек ауатынын ересектер ұмытпағандары жөн. Сіріңкені баланың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Өйткені олар мамыққа от салғаннан қандай залал келетінін біле бермейді. Үйде, балалар бақшасында, демалыс лагерьлерінде ұдайы түсіндіру жұмысын жұргізу, өрттің адам өміріне, ел игілігіне тигізетін қатері туралы кең мағлұмат беру - бәрімізге парыз. Бір бәлеге ұрынбас үшін, үй мен өзге қосалқы ғимарат өртке шалынбас үшін айналаға жиылған мамықты ауықалық бір жерге үйіп, су құйып тастаған абзал. Тек белгіленген шараларды ескеріп, орындай білгенде ғана қатерден сақтануға мүмкіндік болады.