Шұғынық – төрт тіл меңгерген зерек оқушы
Шұғынық – төрт тіл меңгерген зерек оқушы. Қытай Халық Республикасы, Күйтін қаласында дүниеге келген. Сол жақта балабақшаға барып, 2014 жылы отбасымен Қазақстанға қоныс аударады. Қазіргі таңда Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 8 сыныбында білім алып жатыр.
Атамекені Қазақстанға келіп, өзі білетін қытай тіліне қоса, ағылшын, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерді. Бала кезінен пианино, домбырада ойнап, қолөнер, би, сурет салуға қызығады.
2013 жылы Қытай еліндегі Толы ауданында би жарысынан жүлдеге ие болды.
2015 жылы UCMAS ABACUS COMPUTATION (ZHUSUAN) халықаралық стандарты бойынша біліктілік емтиханынан сүрінбей өтті. 2017 жылы "Жас ұлан" оқушылар үйінде домбырады ойнап, түрлі концерттерге қатысты. 2022 жылы химия пәнінен және өлкетанудан қалалық олимпиадаларда жүлдегер атанды.
Қазіргі мақсаты – мектебінің атағын асқақтату, ал болашақта мемлекетке өз үлесін қосып, халқымыздың экономикалық жағдайын жақсарту, шет елдерде жүрген қазақтарды өз Отаны Қазақстанға қайтаруға үздік білім алу арқылы ат салысу.
Шұғынық – ұшқыр ойлы, достарының арасында сыйлы, сабақты жақсы оқиды. Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Болашақта биік белестерді бағындырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын мықтылардың бірі болатынына сенеміз.