Оқушылардың IT-құзыреттері: ICILS халықаралық зерттеуі
Оқушылардың IT-құзыреттері: ICILS халықаралық зерттеуі
Сәуір-мамыр айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтеді. Оған еліміздің 17 аймағы мен республикалық маңызы бар үш қаладан 176 мектеп іріктелді.
Аталған зерттеуге біздің мектебіміздің 8 Ә сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысады.
ICILS – бұл әлемдегі 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығы деңгейін бағалайтын алғашқы зерттеу. Зерттеудің мақсаты – оқушылардың IT-құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін бағалау, осылайша мектеп оқушыларының IT-құзыреттілігін қалыптастыруға қалай ықпал етеді және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етеді деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі. ICILS зерттеуі толығымен компьютерлік форматта жүргізіледі.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Мухтарбекова, Ж.Хасенова және информатика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Абилова оқушылар мен пән мұғалімдеріне таныстыру семинарын өткізді.
ICILS-2023 халықаралық зерттеу қатысушыларына сәттілік тілей отырып, зерттеудің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдіреміз.