​Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін тамашалауға Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы мектебімізге келіп, оқушылардың өнерін тамашалады.



Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін тамашалауға Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы мектебімізге келіп, оқушылардың өнерін тамашалады.

«Күй күмбірі» домбырашылар челленджінде 90-ға жуық оқушы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін ойнады. Ғани Бектайұлы мерекемен құттықтап, оқушылармен бірге «Келіншек» күйін ойнады👏

6 сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Қолөнершілер» көрмесіне қатысып, әр оқушының таныстырылымын тыңдады.
Көрмеде 6 сынып оқушылары халқымыздың зергерлік бұйымдарын, ұлттық қолөнер бұйымдарын таныстырды. Мектептің робототехника кабинеттерін аралап, оқушылардың ұлттық ойындар шеруін тамашалады.👏