МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ЖҮРІС-ТҰРЫС ҚАҒИДАЛАРЫ
ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
+ Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар жауу, жаңбыр) және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.
+ Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
+ Өзен арқылы ету кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану
керек.
+ Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м.)
сақтау қажет.
+ Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.
+ Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасауға болмайды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құрқару кеудешесі немесе тос кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 метр, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 грамм жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға
көмектеседі.
+ Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп еткен жолыңызбен жағаға қайта оралу
керек.
+ Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалту мүмкін екенін білу қажет.
Мұздын беріктігін көзбен анықтауға болады:
* көк түсті мұз- берік;
* ақ түсті - беріктігі 2 есе аз;
* мұр және күңгірт - ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.
ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ - 112