Мектепішілік ереже
Астана қаласы әкімдігінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы
№66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
МЕКТЕПШІЛІК ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
/оқушы және ата-ана /заңды өкілдері/ үшін/
2023-2024 оқу жылы
Нормативтік-құқықтық база:
1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы.
Мақсаты мен міндеттері:
- Оқушының білім алуы мен денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібін құру;
- Мектептегі бірін-бірі сыйлау тәртібін қолдау;
- Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу;
- Жалпы адамгершілік құндылығының негізінде мәдени тәртіпке және қатынастың дамуына тәрбиелеу.
I. Негізгі
1. Ішкі тәртіп ережелері мектеп және оның аумағына қолданылады.
2. Ережені бұзғаны үшін төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:
алдын алу мақсатында әңгіме жүргізу, педагогикалық кеңесте қарау, ұжымдық жиналыста, директор кеңесінде талқылау, мектепшілік қадағалау, аудандық, қалалық кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі бөлімінің есебіне қою, материалдық шығынды өтеу.
Ереже мен Жарғыны жүйелі түрде бұзғаны үшін мектептен шығару.
3. Ережені бұзғаны туралы ақпарат мұғалімге, оқушыға, ата-аналарына (қамқоршысына) жеткізілуі тиіс. «Жеке іс-қағазына» енгізіліп, берілетін мінездемеде көрсетіледі.
4. Ереже оқу үрдісіне қатысушылардың барлығына қолдарын қойғызу арқылы таныстырылуы тиіс.
II. Оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылар (оқушылар, ата-аналар, заңды тұлғалар) ҚҰҚЫЛЫ:
1. Өзінің адамгершілік қадір-қасиетін сыйлата білуге, өз ойын еркін айтуға;
2. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сай тегін бастауыш, негізгі және орта білім алуға;
3. Келесі сыныпқа толық оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін көшірілуіне;
4. Ғылыми зерттеулерге, эксперименттерге жарыстар мен олимпиадаларға қатысуға;
5. Мектеп кітапханасының ақпараттық қорын, оқулықтарын тегін қолдануға;
6. Қосымша (сонымен қатар төлемді) білім алуға;
7. Білім мекемесін басқару ісіне, мектеп өміріне қатысты сұрақтарды шешуге, өзін-өзі басқару ұйымдары арқылы қатысуға;
8. Білім және тәрбие саласындағы жетістіктері үшін алғыс білдірумен, мақтау қағазы мен, бағалы сыйлық, медальмен және т.б.марапатталуға;
9. Құжаттарын, жеке-іс қағазын, кету парағын толтырғаннан кейін ғана алуға (оқушының құжаттары тек ата-анасына немесе қамқоршысына беріледі.
III. ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР МІНДЕТІ:
- Оқушы мектепке келер кезде қауіпті жерлер, құрылыс алаңдары, қауіпті бұрылыстармен жүрмей, жан-жақты бақылап, қауіпсіз маршрутты таңдауы тиіс. Қоғамдық көліктерде оқушы тәртіпті және қауіпсіздік ережесін сақтауға, мектеп ғимаратында өрт қауіпсіздігі ережелерін, мектепішілік тәртіп ережесін сақтауға міндетті;
- Өзінің айналасындағы адамдарды сыйлап, өзін сыйлата білуге;
- Жеке басының, мектептің мәртебесін түсірмеуге;
- Оқушылар сабаққа кешікпей 15 минут бұрын ерте келуге, сәлемдесу әдебін сақтау, сынып оқушылары және достарымен мәдениетті сөйлеу қарым-қатынасын орнатуға міндетті;
- Кешігіп келген оқушыны кезекшілік әкімшілік немесе кезекші мұғалім тіркейді және тіркеу журналына жазады.
- Сабаққа кешіккен оқушы кезекшілік әкімшілігінің рұқсатымен сабаққа жіберіледі.
- Кешіккен оқушы және ата-анасымен сынып жетекшісі себебін анықтап, түсініктеме жұмысын жүргізеді.
- Ашық киімге /қысқа юбка, кеудесі ашық жейде т.б./, маникюр жасау, үлкен көлемдегі әшекей бұйымдар тағуға және шашты түрлі-түске бояуға, қыздарға шашын жайып жүруге (егер шаштың ұзындығы жинауға келсе) жол берілмейді. Ұл балалар классикалық шаш үлгісін сақтауы қажет.
- Бекітілген үлгі бойынша мектеп формасын киюге /«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйрығын негізге ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрінің толықтыру негізіндегі 13.07.2020 № 296 бұйрығы негізінде/:
-Ата-аналар мен оларға теңестірілген заңды өкілдер орта білім беру мекемесінде оқушылардың белгіленген мектеп формасын киюін қамтамасыз етеді.
- Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа өзгеріс енгізуіне байланысты 2021-2022 оқу жылында оқушыларға классикалық үлгідегі киім үлгісіне рұқсат етіледі.
Негізгі мектеп формасының үлгісі төмендегідей:
- Мектеп формасының үлгісі классикалық стильде, түсі – қою көк түсті;
- Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді;
- Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ түсті жейде, мерекелік жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, мерекелік күндерде ақ түсті блузка (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
- Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, ақ түсті футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды).
- Мектеп формасының құрамына мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін классикалық үлгідегі галстук жатады;
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
- Мектеп формасына қойылатын талаптар сабақ жүргізілетін оқу ғимаратының климаттық жағдайына және температуралық режиміне сәйкес жүзеге асады.
-
Жеке киім шкафы және спорт зал гардеробына қалдыратын киімінің қалтасында ақша, кілт, жолақы билеті, басқа да құнды заттарды қалдыруға тыйым салынады. Жоғалған заттарға мектеп әкімшілігі жауап бермейді.
- Оқушылар ұстаздарға «Сіз» деп сөйлеуге, сәлемдесу ережесін қатаң сақтауға, үлкендерді сыйлауға, ер балалар қыз балаларды құрметтеп жол беруге міндетті.
- Мектеп оқушылары тіл мәдениетін және ана тілінің тазалығын сақтауға міндетті;
- Оқушылар өрт қауіпсіздігі тәртібін, жолда жүру тәртібін, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті;
- Оқушылар мектеп қызметкерлерінің және кезекшілердің ескертулерін ескеруге міндетті;
- Кешіккен оқушы кезекші сыныптың немесе педагогтың сұрағына дұрыс жауап беруге, яғни аты-жөнін дұрыс әрі толық айтуға міндетті;
- Ересектермен сөйлеу кезінде қолын қалтасына салмау, дөрекі сөйлемеу, жағымсыз тәртіптерді жібермеу;
- Мектепте 6-11 сынып оқушылары мектепішілік кезекшілік атқаруға және мектеп ішіндегі тәртіптің сақталуын бақылауға, апталық кезекшілік нәтижесін шығаруға міндетті;
- Оқушылар сабаққа сабақ кестесіне сай оқу құралдарын, спорттық киімдерін әкелуге міндетті;
- Мектеп кітапханасынан берілген оқу-әдебиет құралдарын ұқыпты ұстауға, жоғалған-бүлінген жағдайда өз есебінен қалпына келтіруге;
- Сынақтармен емтихандарды бекітілген ережеге сай тапсыруға;
- Сабақ барысында және мектепшілік іс-шараларда жеке бас тәртібін сақтауға;
- Мектеп асханасы /буфетке/ арнайы бекітілген кестеге сай кезекшілікпен бару, тәртіп сақтау, ыстық және сұйық тамақ алған кезде абай болу, тамақтанғаннан кейін пайдаланған ыдысты белгілі орынға апару, жинауға;
- Мектеп ғимаратын және оның аумағын көріктендіру жұмыстарына шамасына қарай қатысуға;
- Мектеп Парламенті және «Жас Ұлан» ұйымы мүшелерінің талабын орындауға, құрметпен қарауға, ұйымдастырылған іс-шараларға белсенділік танытуға міндетті;
ІV. Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушыларға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
1. Өзінің және басқаның өміріне қауіп төндіретін, денсаулыққа зиян келтіретін
іс-әрекеттер жасауға (баспалдаққа жүгіруге, баспалдақ жақтауымен сырғанауға, терезе жақтауына тұруға, электр құралдары, дабыл тетіктерін қосып-сөндіруге, бір-бірін итеруге, заттарды бір-біріне лақтырысуға, т.с.с.)
2. Сабақ үстінде мобильді және музыкалық құрылғылар (плеер, наушник, смартфон т.б.) қолдануға;
3. Электронды темекі, насыбай, алкоголь өнімдеріне әуестенуге қолдануға қатаң тыйым салынады.
4. Мектеп мүліктерін бүлдіруге, мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттің кілтін алып ашуға, сыныптың есігін іш жағынан жабуға, терезені ашуға;
4. Мектеп мүлкіне зақым келтіретін және өзіне, айналасына қауіп әкелетін істермен шұғылдануға, мектеп және кабинет мүліктеріне, қабырғаларына жазуға, сызуға, оларды сындыруға;
5. Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттің кілтін алып ашуға, сыныптың есігін іш жағынан жабуға, терезені ашуға;
6. Сабақ уақытында оқушылардың мектептен шығуына;
7. Мектепте сағыз шайнауға, сырттан зиянды тағамдар мен сусындар әкелуге;
8. Мектеп оқушыларына мектепке сіріңке, оттық, өткір және кесуші заттарды, газ баллондарды, қаруларды (соның ішінде газдық, пневматикалық), ойын карталарын алып келуге тыйым салынады.
9. Сабаққа кешігуге босатуға тыйым салынады;
10. Сабақта тәртіп бұзуға (сөйлесуге, ойнауға, басқа іс-әрекеттермен айналысуға, өзінің және сыныптастарының назарын басқаға аударуға);
11. Мектеп әкімшілігінің рұқсатынсыз сабақтан басқа іс-шараларға қатысуға;
12. Себепсіз сабақты босатуға (себепті жағдайлар /ауырған жағдайда анықтамамен расталған /және ата-ананың (қамқоршысының) мектеп директорының атына жазылған жазбаша өтініші негізінде);
13. Мектеп әкімшілігі және сынып жетекшісінің рұқсатынсыз барлық сабақ аяқталғанша мектептен кетуге;
14. Оқушылардың рұқсатсыз ата-ана және сынып жетекшінің қатысуынсыз топпен серуенге шығуына, киноға, театрға, мұражайға т.б.орындарға баруға;
15. Қоғамдық-саяси ұйымдарға, секталарға, табыну қоғамдастықтарына т.б. ұйымдарға кіруге үгіт жұмыстарын жүргізуге;
16. Сауда-саттық жүргізуге (сату, сатып алу, айырбас жүргізу, қарыз алу) тыйым салынады.
V. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) міндетті:
-
Өз балаларын тәрбиелеуге, олардың білім алуына қажетті жағдай жасауға;
-
Мектепке оқушыға қатысты қажетті ақпарат беруге, баланың сабаққа келмеу себебін түсіндіруге;
-
Баланың оқуы мен тәрбиеленуі үшін қажетті құралдармен, соның ішінде спорттық киіммен, ауыстыратын аяқ киіммен, үйірмелермен қамтамасыз ету жауапкершілігін алуға;
-
мектепішілік ата-аналар жиналысына, мәдени іс-шараларға қатысуға, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшінің қажеттілігіне қарай шақырылған жағдайда келуге;
-
Мектеп мүлкіне келтірілген зиянын өтеуге;
-
Мектеп қызметкерлерінің еңбегі мен құқығын құрметтеуге;
-
1-4 сынып оқушыларының мектепке сабаққа келу және үйлеріне қайту жолындағы өмір қауіпсіздігінің сақталу жауапкершілігі тікелей ата-анаға /заңды өкілдері/ міндеттеледі; /ата-ананың мектеп директоры атына жауапкершілік алу бойынша жазбаша қол хаты болуы керек/;
-
қолданыстағы заңнамадағы нормаларды, Жарғы мен осы Ереженің талаптарын орындауға міндетті.
VІ. Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) құқығы:
-
балалардың заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға;
ҚР қазіргі заңнамаларына және мектептің Жарғысына сәйкес мектепті басқаруға қатысуға; -
мектеп Жарғысы мен білім беру үдерісінің ұйымдасу тәртібін белгілеуші басқа құқық орнатушы және нормативтік құжаттармен, соның ішінде осы Ережемен танысуға;
-
білім беру үдерісінің барысы және мазмұнымен, оқушылардың бағаларымен танысуға;
-
сабақтарға (әкімшілік пен оқытушының келісімімен) және оқу, оқудан тыс қызметтің басқа түрлеріне қатысуға;
-
қолданыстағы заңнаманың шеңберінде еріктіліктің негізінде сыныптың, мектептің дамуына қайырымдылық (қайыр) түрінде материалдық көмек көрсетуге;
-
мектеп Жарғысы мен осы Ереже шарттарының орындалуын талап етуге құқылы.