Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар»

Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» айлығын бастадық. Мақсаты – әр түрлі саладағы мамандарды шақыра отырып, оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға, кәсіптік бағдар беру, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымды кеңейту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау.

«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» айлығы аясында алғашқы кездесу кештің қонағы «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы London School of Economics and Political Science оқу орнынынң «заң» магистрі, М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Adjunct Assistant Professor, заңгер Баймұрат Сағидолла.

Кездесу кешке 9,10,11 сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Баймұрат мырза оқушыларға заңгер мамандығының қыр-сырын түсіндіріп, мамандықтың қиыны мен қызығын айтып өтті. Тыңдарманға Заң аясында ана тілінің маңыздығын ұғындырды. Заңгер Баймұрат мырза Өзінің жетістіктерімен бөлісе отырып, оқушыларға өз жолын табуда және мамандық таңдауда өз кеңестерін айтты.
Кеш соңында оқушылар сұрақтар қойып, кеш қонағымен естелікке суретке түсті.