Мектеп мақтанышы Амантай Айғаным «Көңілдің асыл пернесі» Халықаралық шығармашылық байқауында жүлделі 1 орын иеленді. Құттықтаймыз.

Мектебіміздің мақтанышы, күміс көмей әнші Амантай Айғаным тағы бір жеңісімен қуантты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Халықаралық түркі академиясы, М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық шығармашылық байқауында мектебіміздің мақтанышы, әнші, талантты оқушымыз Амантай Айғаным «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында І орын иеленді. Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Манзура Кеңесқызы. Құттықтаймыз! Айғаным! Мектеп мерейін өсірудегі еңбегіңіз жана берсін! Талабыңызға нұр жаусын. Біз Сізбен мақтанамыз!