Құқықбұзушылықтың алдын алу
2022-2023 оқу жылының бірінші жартыжылдығында жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар
10-11 сынып оқушыларына Жалпы құқықтық білім беру сабағы өткізілді. Дәріс сабағын Астана қаласы ПД ТБ аға тергеушісі, полиция майоры Ташкенбай Темірлан өткізді. Сабақ барысында қылмыстың жауаптылық жасы, есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болатындығы жөнінде ақпарат берді.
«Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бірінші сынып оқушыларына жол ережесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Астана қаласы Есіл ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімі учаскенің полиция инспекторы, полиция капитаны Айгүл Дәулетқызы оқушыларға жол ережесі туралы дәріс сағатын өткізді.
1-11 сынып оқушыларына «Мектепішілік тәртіп ережелері» түсіндірілді. Сонымен қатар апталық сынып сағаттарында 3-7 сынып «Менің құқығым-менің міндетім», «Бала құқығы –асыл қазына» тақырыбында әңгіме сағаты, пікір-сайыс ұйымдастырылып, оқушылардың ойы тыңдалды.
Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен мектебіміздің оқушылары ерікті медиатор курсына қатысып, сертификатталды.
Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» қызметкері Алмас Әзімханұлы 9 сынып оқушыларына «Зайырлы мемлекет саясаты» атты тақырыпта дәріс сағаты жүргізілді. Дәріс сағаты барысында зайырлы мемлекет барлық діндерге заң шеңберінде еркін діни ұстанымдарын, қызметтерін іске асыруға мүмкіндік беретіндігі ескертілді. Шәкірттерімізді ғаламтор желісін қолдану барысында сақ болуға шақырып, қауіпті сайттар, әлеуметтік желілерге кірмеу керектігі, жарнамаларға еліктемеу, сенбеу қажеттігі туралы ақыл-кеңестер берілді. Оқушыларға жаднамалар таратылып, қойылған сауалдарға жауап берілді.
2022 жылдың 21 қараша күні 9-11 сынып оқушыларына Халықаралық медиатор орталығы және «Қазақстан жастары» қоғамдық қоры тарапынан медиатор маман Танабаева Жанна Кабдешовна «Мектеп және отбасы арасындағы медиация» тақырыбында дәріс сағатын өткізді. Мектепте оқушылар арасында орын алатын өзара келіспеушілік, шиеленіс мәселелелерін шешуге байланысты әдіс-тәсіл жолдары қарастырылды, кеңестер берілді. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жедел басқару орталығының жұмысымен таныстыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушылары ҚР Ішкі істер министрлігіне танымжорық жасады. Танымжорық барысында Жедел басқару орталығындағы қала бойынша қойылған бейнебақылау камераларын бақылады, 102 телефонына келіп түсетін хабарламалармен танысты, тәртіп сақшыларының жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар 9-10 сынып оқушылары Кинологиялық жедел қызмет орталығына танымжорық жасады. Төрт аяқты адал достар, яғни, қызметтегі иттермен жақынырақ танысып жұмысын бақылады. Танымжорық барысында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, Еуразия телеарнасына сұхбат берді.
5-11 сынып оқушыларының қыз балалар және ер балалар ұжымына әр параллель бойынша жекелей мектептің мәжіліс залында жас ерекшелігін ескере отырып мектеп әкімшілігі, құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері Айзат Абылкасымова және мектеп парламенті өкілдері тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алуына байланысты жиналыстар өткізілді.
Өрт сөндіруші қызметкерлер арнайы мектепке шақырылып 8,9-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі туралы ақпаратпен таныстырды.
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында құқықтық тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу. Жас ұрпақ бойына әдептілік, инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіре білу, жылулық пен мейірімділік сыйлау. 1-4 сыныптарда «Менің құқығым», 5-7 сыныптарда «Өз құқығыңды білесің бе?», 8-11 сыныптарда «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында ой бөлісу, топтық жұмыстар, әңгіме сағаты, дәріс сағаттары өткізілді. Оқушылар бала құқығы, міндеті, құқық бұзушылыққа, тәртіпсіздікке жол бермеу т.б. мәселелер төңірегінде ой қозғады.
«Есіл» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының өкілі Мейраш Ильияс Қанатұлының қатысуымен мектеп оқушыларына «Үй жағдай және көшедегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 1-5 сынып оқушыларына Үй жағдайында электр құрылғыларын қолдануда сақтық шараларын сақтау, терезе алдына шықпау, биіктен қарамау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түсінік берді. Сонымен қатар 9,11 сынып оқушыларына да «Төтенше жағдайдың алдын алу» мақсатында жүргізілетін жұмыстар төңірегінде ой қозғады.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігі аясында мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы Астана қаласының 84,85,87 мектептеріне «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» челленджін жолдады. Челлендж әрі қарай қала көлемінде жалғасын тапты.
«Зияткер» дебат клубы мүшелері арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Дебат ойыншылары «Құқықтық мемлекет – зорлық-зомбылықсыз қоғамның кепілі» қарары бойынша өзара тартысқа түсті. Үкімет және оппозиция мүшелері құқықтық тәрбие, құқықтық сауаттылық, мәдениетке қатысты көкейкесті мәселелер жайлы өзіндік көзқарас, ой-пікірін жеткізді. Дебат клубы жетекшісі, тарих пәні мұғалімі Гульнур Зариповна ойынға төрелік етті.