Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Оқырмандар клубының мүшелері бас қосты

​Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың туғанына биыл 100 жыл. Осыған орай мектеп кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Оқырмандар клубының мүшелері бас қосты. Әзілхан Нұршайықовтың есімін ерекше ыстық көрсететін туындысы – «Махаббат, қызық мол жылдар». Оқырмандар клубының мүшелері жазушының өмір жолымен танысып, READx форматы негізінде "Махаббат қызық мол жылдар" шығармасын талдап, өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті. Математика пәнінің мұғалімі Айгерім Нурудтинбекқызы шығарманың мазмұнын жеткізе отырып, шығармадан алған әсерін баяндады. Кітапханашы Гулби Әбдіхалыққызы жазушының өмірі туралы оқушыларға кеңінен ақпарат берді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейсекова Толқын Батырбайқызы сөз алып, тәрбие мен тағылымға толы кітапты барлық оқырманға оқуға кеңес берді, Меңтай күнделігіндегі өсиетті әрбір қыз баласы үғыну қажеттігін жеткізді. 10 сынып оқушылары Альбина мен Балауса кешті жүргізе отырып, оқырмандарға шығарма мазмұны желісінен сұрақтар қойды, белсенділік танытқан оқушыларға сыйлыққа кітаптар табысталды.