Астана қаласы әкімдігінің «Д.Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны педагогінің төмендегі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялаймыз:

Астана қаласы әкімдігінің «Д.Қонаев атындағы № 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны педагогінің төмендегі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялаймыз:
Тұрақты жұмыс қамту түрімен математика пәні мұғалімі: 3 бірлік.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: 3 бірлік.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен бастауыш сынып мұғалімі: 4 бірлік.
Тұрақты жұмыс қамту түрімен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: 1 бірлік.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
Қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) Нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 2023 жылдың 28 тамыз қабылдау күнінің соңғы күні.
Конкурс 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең – түйіндемелерді іріктеу, кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
2-кезең – 11-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеу; сұхбаттасу (кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда)
Өткізілу уақыты мен мерзімі:
1) Түйіндеме 18.08.2023 – 28.08.2023 аралығында қабылданады.
2) Конкурстық комиссияның отырысы 29.08.2023 - 31.08.2023 аралығында өтеді.
Конкурстың нәтижесі қатысушылардың түйіндемесінде көрсетілген телефон мен электрондық поштасына 31.08.2023 ж. дейін жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысу үшін 28.08.2023 жылға дейін қажетті құжаттарды көрсетілген мекенжайға қағаз жүзінде жеткізу қажет:
Орналасқан жері: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 33/1
e-mail: shl_66ast@mail.ru
Телефон: 8 (7172)50-18-55, 87478969645, 87026096836