12 қаңтарда Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толды. Осыған орай мектеп оқушыларымен белгілі қонаевтанушы, «Алматы облысының Құрметті азаматы» , «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабаймен кездесу өтті.
12 қаңтарда Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толды. Осыған орай мектеп оқушыларымен белгілі қонаевтанушы, «Алматы облысының Құрметті азаматы» , «Таңғажайып Қонаев» кітабының авторы Ораз Қауғабаймен кездесу өтті. Кездесу барысында халқының қалтқысыз құрметi мен шексiз сүйiспеншiлiгiне бөленген Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қарапайым кiсiлiк, кемеңгерлiк, тектiлiк, көрегендiк қасиеттерi мен ел-жұртына адал тiлекшiлiгi жайында кеңiнен жан-жақты баяндалады. «Қонаевтың 12 қасиетін» Ораз Қауғабай оқушыларға түсіндіріп, сол қасиеттер әрбір адамның бойынан табылу керектігін жеткізді. Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев туралы көп мәлімет білді.
Қонаев туралы қызықты деректер:
Дінмұхамед Қонаев – КСРО-да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.
Ол КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасындағы 11 баланың 4-сі.
Бойы – 198 см. 46-өлшемдегі аяқ киім киген.
Хоббиі: қару-жарақ жинау, аңшылықты ұнатқан.
Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған.
Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы – 200 ш.м.
Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін аралап-аралап: «Бар дүниең осы ма?» деп таңданады.
Өмірінде «Ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы берік ұстанды. Дінмұхамед Қонаев ұзақ жыл қызметтен кейін зейнетке шыққан шағында визитка жасатқан екен. Осы кішкене төртбұрышты қағазға аты-жөні мен «тау-кен инженері» екенін ғана жаздырады. Сонда айналасындағылар қайраткердің қарапайымдылығына қатты таңғалған. Өзінің бұл шешімін «Оның бәрі өтпелі де кетпелі, ал «тау-кен инженері» деген – өмірлік нәрсе» деп жауап берген екен.