1.03.2023 жылы №54 мектеп-лицейде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық және логикалық есептерді шешудің маңызды әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.

1.03.2023 жылы №54 мектеп-лицейде математика пәні мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық және логикалық есептерді шешудің маңызды әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәжірибе алмасу семинары өтті.
Семинардың спикерлері Д.Қонаев атындағы №66мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Батырбек Қайрат, Қалжанов Қанат, Таңатар Байқабыл. Олимпиадада жиі кездесетін тақырыптарды түсіндіріп, есептерді талқылап, оларды шешудің бірнеше тәсілдерін көрсетті. Атап айтсақ, «Қосындыны табу жолдары», «Алгебралық есептерді шешудің геометриялық әдістері», «Салыстырым бойынша есептер шығару». Семинар пайдалы ақпаратқа толы, мұғалімдерге берері көп, қызықты өтті.
Қала бойынша әр мектептерден келген ұстаздар, семинарға қатысып, кері байланыс берді. Алдағы уақыттарда осы тақырыпқа курстар мен семинарлар жалғасы болса деген пікір білдірді.