Спорт жұлдыздары

Волейболдан қалалық турнирде мектебіміздің командасы 1 орын иеленді.

Мектебіміздің жас спортшылары бастауыш сыныптар арасында өткен қалалық жарыстан футзалдан 2 орын иеленді. 4 «К» сыныбының оқушысы Мақсатұлы Ақылжан «Үздік шабуылдаушы» номинациясын жеңіп алды. 4 «Ж» сыныбының оқушысы Ғалым Нұрали «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша марапатталды. Жаттықтырушы: дене шынықтыру мұғалімдері Торекулов Усимбек Елдосұлы, Жеңісбек Ақылбек.

Абу-Дабиде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында мектебіміздің 7 “Е” сынып оқушысы Алиакпаров Абдурахман жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды!

Астана қаласында өткен 5-6 сынып ұлдар арасында өткен волейболдан қалалық жарыста 70 команданың ішінен мектебіміздің командасы 1 орынға ие болды.

Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 5-6 сынып ұлдары волейбол жарысынан жақсы көрсеткіш көрсетіп 5 орынға ие болды. 82 мектеп-лицей өткізген қалалық ұлдар арасында волейбол жарысында мектебіміздің құрама командасы 3 орынға ие болды.

Орал қаласында волейболдан өткен Халықаралық жарыста мектебіміздің оқушылары Қайыр Санжар мен Бақытжан Бекзат Астана қаласы командасы атынан қатысып 2 орынға ие болды.



Қалалық білім беру жүйесінің қызметкерлерінің арасында өткен денсаулық спартакиадасында үстел теннисінен мектебіміздің командасы 1-орын иеленді 12 наурыз күні бұқаралық спортты дамыту, оқушылардың спортпен шұғылдануына мүмкіндіктер жасау және оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында оқушылар /қыздар/ арасында волейболдан қалалық деңгейдегі №82 «Дарын» мамандандырылған лицей кубогінде мектебіміздің командасы 2 орын иеленді.


«2022 жыл – Балалар жылы» аясында 7-8 сынып ұлдар арасында мектебімізде волейбол турнирі өтті. Мақсаты – қала мектептерінің оқушылары арасында достық қарым-қатынас салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында спорттық біліктіліктерін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу. Турнирге №66, 57, 73, 54, 46 мектептер қатысты. Нәтижесінде 1 орын мектебіміздің командасы иеленді.
«Алау» мұз айдыны аумағында Есіл әкімдігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында өткен «Коньки тебуден қысқы көңілді старт» жарысында мектебіміздің командалық құрамы 2 орын иеленді.






"Арлан" жекпе-жек клубы тарапынан ұйымдастырылған еркін күрес турнирінде оқушыларымыз жеңімпаз атанды. Асқар Ердаулет 2 орын, Ниязбекұлы Мұстафа 2 орын, Әкімжан Санжар 3 орын, Жанат Ахметолла 3 орын, Мақажанов Ахмед 68 кг 3 -орын, Әзімхан Ерсін 22 кг 3- орын, Айтбай Бахтияр жеңіске деген ерік-жігері үшін марапаталды. Жетекшісі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдрахманов Хабиболла Оразұлы.