Шоқпар Әбілмансұр


Шоқпар Әбілмансұр – 9 сынып оқушысы, дарынды оқушы.

Суда жүзуден Астана қаласы әкімдігінің «№4 Балалар мен Жасөспірімдер Мамандандырылған Олимпиадалық Резерв Спорт мектебі» КММ белді спорт жұлдызы. Аталмыш спорт секциясына 6-жасында әжесі жетектеп алып келген. Үздіксіз табанды еңбек-жігердің арқасында Республикалық, аймақтық, қалалық жарыстардың жүлдегері. Бала армандарының бірі – жүзуден Олимпиада чемпионы болу.

Спорттан бөлек өнерге де жақын. «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық және Республикалық жүлдегері. А.И Өнер академиясының шәкірті..

Сыныпта, достары арасында беделді, сөзі өтімді. Ерекше жақсы көретін пәндері- қазақ әдебиеті, экономикалық география, дүниежүзі тарихы, ағылшын пәндері. Болашақты экономика саласының маманы болу басты армандарының бірі. Ағылшын тілінен олимпиадаларға үздіксіз қатысып отырады.