Өнер жұлдыздары

Мектебіміздің мақтанышы, әнші, талантты оқушымыз Амантай Айғаным мектебіміздің мақтанышы ғана емес, еліміздің мақтанышы. Республикалық, Халықаралық ән байқауларының жеңімпазы. Атап айтсақ, Ресейде өткен «Детская новая волна – 2022» Халықаралық ән байқауында лауреат атанды. Ресейдегі «Артек-Арена» сахнасында төрт жарым мың көрермен алдында еліміздің мерейін өсірді, ерекше қайталанбас әсем дауысымен көрерменді тәнті етті. «Көңілдің асыл пернесі» Халықаралық шығармашылық байқауында «Бабамнан қалған кең дала» номинациясында І орын, «Аялаған Астана», "Тәуелсіздік - тұғырым" ән байқауларының Бас жүлде иегері.



2022 жылдың 10-12 қараша күндері Ақтау қаласында республикалық Әбіш оқуларында мектебіміздің командасы 3 орын иеленді. Әбіш оқуларының республикалық кезеңінде елорданың атынан сахналық қойылым бойынша қатысқан №66 мектеп-лицейінің командасы 9”Г” сыныптың оқушылары Анияр Мұқаш, Бейсенбай Әдемі, Дүйсебек Айбек, Ахметжан Батырхан, Шоқпар Әбілмансұр. Жетекшісі: Аниярова Марал Оралбекқызы.


Оқушылардың экологиялық сауатын арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің әлеуметтік даму қоры, Астана қаласының Әдістемелі орталығы және жоба жетекшісі Жанар Мақсұтқызының ұйымдастыруымен өткен «Көкмайса» жобасында мектебіміздің командасы 1 орын иеленді.

Мәдениет саласындағы үздігі, «Шаттық» домбырашылар ансамблінің жетекшісі Әбен Алтай Сапарұлы өнерлі оқушыларды тәрбиелеп, түрлі өнер додаларына қатыстырып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауында «Домбыра» номинация бойынша Уали Дияр I орын, ағалы-інілі өнерлі шәкірттеріміз Уали Дияр, Уали Дамир «Отбасылық ансамбль» номинациясында II орын иеленді. XIII қалалық «Асыл мұра» ұлттық өнер байқауында Уали Дамир I орын иеленді.


V Республикалық «Дала Әуені» атты балалар мен жасөсіпірімдер арасында өткізілген байқауда «Шаттық» домбырашылар ансамблі I орын иеленді. 2022 жылы Қалалық «Күмбірлеген домбыра үні» байқауында «Ансамбль» номинациясы бойынша мектебіміздің «Шаттық» домбырашылар ансамблі 1 орын, «Жетіген» номинациясы бойынша мектебіміздің оқушысы Аймақ Нұрай 2 орын, «Домбыра» номинациясы бойынша Бөгембай Батырхан 3 орын иеленді.


«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Маханова Елназ 3 орын иеленді. Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Бекен Манзура Кеңесқызы.
Астана қаласы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Мектептің Үздік ата-аналар комитеті - 2022» Республикалық қашықтық байқауының қалалық кезеңі бойынша І орын иеленді.



2022 жыл 17 қазан күні «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен С.Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясымен бірлесіп, Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған қалалық Сәкен оқуларына мектебміздің 10-сынып оқушысы Сәбитбек Мирас «Болмасаң да ұқсап бақ» мүшәйра номинациясы бойынша қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі қазақ тілі әдебиет пәнінің мұғалімі Абилова Алима Ораловнаны








Қалалық “Зияткер отбасы” байқауында Анияровтар отбасы 1 орын иеленді.











Р Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Кітапханасы жариялаған қалалық «Рәміздерім-мақтанышым» ең үздік бейнеролик байқауы жарияланған болатын. Байқаудың мақсаты - оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білім деңгейін арттыру және өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда мектебіміздің 5 сынып оқушылары Асқар Айзере, Бөлеген Айгерім, Доспанова Гулназ, Орынбек Мағжан байқауға белсенділік танытып жеңімпаз атанды.





«Ұлы дала – ұрпағы» атты Махамбеттің жас мұрагерлеріне арналған VI Республикалық байқауында мектебіміздің командасы БАС ЖҮЛДЕ иеленсе, команданың мүшесі 8 сынып оқушысы Анияр Мұқаш «Үздік актер» атанды.






"Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?" атты республикалық балалар оқуларында 6 «Ж» сынып оқушысы Төрегелді Рахман Нұр-Сұлтан командасының құрамында 3 орын иеленді.

«Welcome to Qazagstan» І Халықаралық шығармашылық өнер байқауында 3 оқушымыз Бас жүлде иеленді. 11 «Е» сынып оқушысы Мансұр Рамазан, вокал жанры бойынша Бас жүлде, жетекшісі Бекен Манзура Бекенқызы. 5 «А» сынып оқушысы Сүлейменова Адия, қолданбалы өнер жанры бойынша Бас жүлде, жетекшісі Спатова Гаухар Амангелдіқызы 8 «Б» сынып оқушысы Маратқызы Адия, фортопиано бойынша Бас жүлде иеленді.