Дузбаев Ерхан


16 жасар Дузбаев Ерхан каратэден Әлем Чемпионы. Қара белбеуді қанжығасына байлаған жас спортшы
Дузбаев Ерхан 2022 жылдың 30 маусымында каратэден шинкиокушинкай федерациясы бойынша Астана қаласында қара белбеу иегері атанған.

Ерхан Алматыда дүниеге келген, 3 жасында Астанаға көшіп келді. 5 жасынан бастап каратэмен айналыса бастап, үздіксіз 11 жыл осы спортпен үлкен жетістіктерге жетіп. Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, салауатты өмір салтын ұстанатын үлгілі спорт жұлдызы.

Мұғалімдері мен достарының айтуы бойынша, Ерхан өз бойындағы аса жауапкершілік, табандылық және еңбекқор қасиеттерімен ерекшеленеді. Ол өз мақсатына жететін амбициялы, әрқашан позитивте болуға ұмтылатынымен дараланады. Дүниежүзі тарихы пәнін сүйіп оқиды. Аналитикалық ойлау дағдысы, ғаламдық дипломатиялық және ел-аралық қарым-қатынастардағы білімімен әрқашан көзге түседі. Оқуы мен спорттағы өмірін қатар ұстап келе жатқан Ерхан әлемдік деңгейде де өзін көрсете алды. Ол 2022 жылдың 3 маусымында Испанияның Валенсия қаласында өткен чемпионатта Әлем Чемпионы атанды. 2021, 2022 жылдардың 6 шілдесінде Болгарияның Варна қаласында Әлем Кубогын жеңіп алды.

Өз жетістіктері туралы Ерхан былай дейді: “Мені әрдайым қолдап келе жатқан, жанымда болатын ата-анама, отбасыма рақмет айтамын. Олардың қолдауы мен үшін аса қымбат. Мұндай деңгейге көтерілу үшін, меніңше, ең бастысы өзіңе сену керек және әрқашан тынбай еңбектену қажет”.

Жас спортшының болашақта Ерлер арасындағы Әлем Чемпионатын жеңу мақсаты бар. Ол каратэден Әлемдік деңгейдегі чемпионаттарда Көк туымызды желбіретіп, еліміздің абыройын асқақтататын қазақ балалаларын тәрбиелесем деген арманы бар екенін айтады.