Абенов Бейбітали


Абенов Бейбітали
– оқу үздігі, спортшы, дарынды бала. Тхэквондо жарысынан Халықаралық турнирден II орын иеленді. Қалалық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері. Қызыл белбеу иегері. Астана қаласы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы. Математика пәнін сүйіп оқиды. III Халықаралық арифметика олимпиадасының жеңімпазы. «Ой-зерек» Республикалық олипиадасының жүлдегері. Түрік тілін үйренуде. Мектеп оқушылары мен студенттер арасындағы III Республикалық шығармашылық өлеңдер байқауының жеңімпазы. Астрономия, география және тарих пәндеріне ерекше қызығушылық танытады. «Лучшие дети мира» Халықаралық сайтына шыққан. «Жүзден жүйрік» республикалық журналына шыққан.



Мен өскенде елімнің көк туын әлемге желбіреткім келеді. Спорт саласымен қатар түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, өзімді жан жақты шыңдағым келеді. Ер жігітке сегіз өнер де аз. Мектебімнің, елімнің мерейін өсіргім келеді. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың» деп Абай атам айтқандай, мен тек Өзіме сенемін, – дейді жас спортшы.


Бейбіталиге тек жеңісті күндер мен сәттілік тілейміз. Ел мерейін өсірер нағыз патриот азамат боларына сенеміз.