10 сынып оқушысы Зарина төрт тілді жетік меңгерген: орыс тілі, ағылшын, испан және түрік тілдері.


10 сынып оқушысы Зарина төрт тілді жетік меңгерген: орыс тілі, ағылшын, испан және түрік тілдері. Сонымен қатар, менталды арифметика курстарының 10 деңгейін тәмамдаған білімпаз Зарина Астана қаласында ынтымағы мен бірлігі жарасқан отбасында дүниеге келген. Қазіргі таңда Астана қаласындағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде білім алуда.

Ойы ұшқыр, қиялы жүйрік Зарина өз бетінше ізденіп, дүниетанымдық іс-шаралар мен шығармашылық байқауларда өз қабілетін айшықтап көрсете алуда. Ізденіс адам баласын шыңдайды. Бала кезінен математикаға қызығып өскен Зарина Біріккен Араб Әмірлігі, Түркия елдерінде өткен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар иеленген. 2021 жылы Қазақстанның дарынды балалар қатарына еніп, өмірбаяны “Ұлы дала қырандары” атты жинаққа енді. “Лидер 21века” номинациясы бойынша медаль иеленді.
“Мен орыс тілі, ағылшын тілі, испан және түрік тілдерінде еркін сөйлей аламын, ал француз тілін қарқынды меңгерудемін. Әрдайым олимпиадаларға қатыса отырып, жүлделі орындарға ие болу арқылы аяулы мектебімнің дамуына үлесімді қоссам деймін”, - дейді дарынды шәкірт.


Біз де Заринаның алар асуы асқарлы, шығар шыңы биік боларына сенеміз! Тек осы жолда қанатың талмасын, дарынды шәкірт!